Жаратылыстың негізі жарықтың қозғалысынан басталып түнекті жаулап әлемдік болмыстың негізі қаланды. Жарықтың негізі ақылдан да барлық біздерге сезім арқылы анықталатын қуаттардың бәрінен де жоғары тұрған жаратушылық сипаттағы қуат, күштердің негізі болып табылады. Нұр түнектің ішінде өзінің орнын алып, нұрына ұқсас қуаттарының жүйесін яғни түнекке қарсылық сипатын ақыл, ғылымын, жаратылыстың барлық себебін жаратты. Ол күміс күлгін түсті жоғарғы сана және барлық жаратылыс бейнелерін баураушы, жеті қаннатты періште Алла тағала деп атау берілді.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Әлемнің жаратылуы туралы және оның негізі жарық екені, жарықтың қозғалысынан түн мен күндіздің ауысуынан жер әлемі үшін тұрақты уақыттың туындап, осы уақыт атты қозғалыстардан ғаламның тіршілік жаратылысы басталғанын ғылымда да дінде де дәлелдермен түсіндірілген. Біздер қандайда бір жаратылыстың негізін, себебін пайымдауда олардың жұп, парлығы міндетті болатынын естен шығармау да керек. Сондықтан да уақыттың тұрақты санау жүйесі, қызметші қозғалыстағы жүйесі және дамушы, түрленуші жүйесі болатынын естен шығармаңыз. Сонымен біздердің ақылымызбен Алланы тану үшін де әлемді жаратудың басы болған нұрдан пайда болған екі түрлі жарықтың негізінен бастап тарқатамыз.
Жаратылыстың сырын білмей дін жолында ғылымның шындығына табан тіремей ізденуден әлем діндерінің барлығы адасып, азығындыққа түскені де хақ. Біз түп негізді жаратушымыздың болмысын ешқандай адамзатқа тән меңгерген ақылдың, білімнің дәрежесімен тани алмаймыз. Жаратушы иемізді біз өзінің нұрынан зейнет алып және мұны біз өзіміздің бойsмызда, денемізде «нейрондар» түрінде орналастырумен ғана Раббымыздан әрбір адам баласына жеке-жеке берілетін аян, уахилар арқылы ғана өзіміздегі бейнесі- барымен салыстыра отыра, ақылмен қабылдай аламыз, санамен түсініп анықтаймыз.
Қазіргі таңда қазақ елінің егемендік алып тәуелсіз мемлекет құру жолында жері, шаруашылығы, шекарасы бөлек, дербес елге айналдық дегенмен, көптеген кедергілерге түсуге яғни әлемнің рухани тоқырауға ұшыраған елдерімен бірге біз де құдайдың қаһарына ұшырап, азапталып жатқанымызды көбіміз аңғарудан қалғанбыз. Оған ең басты себеп, біздердің ел басқарушы, зиялы, білімді аталған қауым өкілдері меңгерген білімдерін, таланттылық қаракеттерін, ақылдың жоғарғы дәрежесі — даналық деп түсінгендіктен, мұндай жетесіз ақылымызды иманға айналдыратын, ойлау қуатымыздың әрекетін арттырып тазартатын таза ақылдан парасаттылықты меңгерудің ұлттық дәстүрімізге, екі күнімізге ашық қарсы болып, заң жүзінде мұндай әрекеттерді қудалаумен де айналысып кеткеніміз де хақ.
Адамзаттың бақытты өмірі сүруін, қайғысыз тіршілігін, өсіп-өнуін қамтамасыз ететін күшті ақыл деп атаймыз. Ақылдың жоғарғы дәрежесі даналық болып, мұны өмірдің ағашы, көркем сөздердің бейнесі болады. Ақыл -күш, қозғалыс басы болса, оның қозғаушы себебі ой қуаты болады. «Таза ақыл қозғалыссыз мида жатса шіриді» деп ескертіпті Шәкәрім атамыз. Адамзат пен жануарлардың ерекшелігі де ойлау қасиеттілігінің артықшылығы мен қуаттылығын меңгеру арқылы, барлық қуаттардың жүйесін, бүтіндігін қалыптастыру арқылы «Жан» атты жарық нұрды өсіру, жарату қабілетін меңгерумен махаббаттың өнімін көбейтіп, өсіретін жаратушының жер бетіндегі орынбасары болып саналамыз.
Дін дегеніміз адамзаттың өмір сүру барысындағы рухани тұрғыдағы өркениетінен, жетістіктері мен қателіктерінен тұратын шежіре тарихы және өмірге деген көзқарастарының кейінгі ұрпақтарға қалдырып отырған насихаттары және белгілі меңгерген құндылықтар мен қасиетер тегін меңгеру арқылы ақиқатқа жету аманаты, уәдесі де болып табылады. Біздер ізгілікті дін арқылы ғана ақиқатты тани аламыз. Ал ақиқат дегеніміз; Әр адамның жеке меңгерген білімімен, өмірден алған тәжірибесі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болады.
Адамзаттың істері тәңірдің көз алдында,
«Біздерсіз» тірлігі адамның оңалды ма?
Алланың құдіретті нұры Раббың болған,
Алла жар деп айтамыз; мал, жаныңа.
Сап, сап көңілім жоқты іздеме,
Жалғанның қызығына көзді сүзбе.
Талаптың тұлпарына мініп көзде.
Көңілім арман жүйрік сенен озар,
Арманды тапсаң көңіл бағың болар.
Жер ана даналықтан жаратқанды,
Даналықта баста парасат қуат барды.
Парасатты жер анадан бөліп алып,
Күн мен жұлдыз болып біз аталды.
Пайғамбарымыздың, «Әрбір жүз жыл сайын сөз атауларының ұғымдары өзгеріп отырады» деген өсиетімен байланысты, құранның таңбаға байланысты арап тілінде тұрақты өзгеріссіз үні болып, арап елі үшін үгіті де насихаты да өзгеріссіз болады. Себебі әлемінің дамуына байланысты ислам елдері өзге елдерден өзара сөз алуымен, таңбаның жетіліп, үндердің де өзгеруімен; тілдің үндік даму заңдылығы да сөз ұғымдарының, атау сөздердің қуаттарының өзгерісін де туындатады. Және мұндай әрбір өзгерістің қарсылықтар арқылы ғана дамитынын да білген жөн. Сондықтан арап елі орта тұрақты үммет болып, ал өзге тілді үмметтер әрбір жүз жыл сайын ұлттық тілдегі құран аудармасының ұғымдары өзгерістерге ұшырап, жаңадан ұғымдардың пайда болуымен де, құранның жаңадан насихаттарының аяттарының сырын ашып отыруы міндетті болмақ.