Сонымен қазақ елінің бүгінгі ұлттық болмысымыз, ата-бабадан алған аманатымыз, құдай алдында берген уәдеміз, болашақ ұрпақ алдындағы абыройымыз, шежіреден алатын бағамыз қандай? Әрине қазіргі ақпараттық басылымдар мен телеарнаға қарасақ біздің мәңгілік ел болатынымызға және өндірісті дамыту, жаңа кәсіптерді меңгеріп жер ана байлығын өңдеу арқылы біз әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналатынымызға сенімдіміз. Сонымен бірге масһаб деген құдаймен арадағы кепілдікке тұратын дін ұстанымымыздың да қиямет-қайымға дейінгі барлық ғылым-білімге, рухани даму жолымызға пәтуа беріп, жол көрсетуге де шамасы жетеді деп насихаттап жатырмыз. Осы жерде сенім мен иманның да сырын, маңызын білу арқылы ғана біз таңдаған жолымыздың, болашаққа жасаған жобамыздың айқындығын аңғаруға шамамыз келмек.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Осыдан 10 жыл бұрын қазақ елінің болашақта қандай рухани дағдарысқа түсіп, жастардың азғындап, мәңгүрттеніп, көздері қызарып қолына қару ұстап кететін де қаупі бар және масһабтың тәпсірлерінің дін салтын құлшылық істерін қалыптастыратын көптеген пәтуаларының жалғандығын жазып мұны зиялы, білімді қауым өкілдеріне қаншама жылдар бойы алдарына апарып таныстырғанда қолдарын сілтеп, есіктерін де жауып алған еді. Енді қазіргі ата жол жазбаларында масһаб білім мен жалпы исламдағы діни ахуалдың мұндай шиеленіске түсуі де білімсіздіктен, құранды теріске алып шариғатты ғана меңгерумен құдай ісін «Біздерден» келетін хабарларды мойындамай, өздерін «Жұлдыз» санаған тажалдық білімнің қасіретін нақты мысалдармен, аяттармен дәлелдеп те жатырмыз.
Иманды адам баласына; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті , 5.Сабырлы болу деген бес түрлі негізгі қасиеттерді меңгеру керек. Имандылықтың нәтижесі де және соңғы тұрағы табандылықпен сабырлы болу екен. Сабырлы болу шыдамды, төзімді болу емес. Онда есектен артық иманды мақұлық болмас еді. Сабырлы болу ақиреттің өмірін, тылсым құпиясын Алла тағаланың хикметтерінің сырын шеше білумен ғана айқын болады. Ал оның жолында мұсылмандық деген адамдық болмысты меңгерудің де сырлары тұрғаны сөзсіз. Біздер кәміл мұсылман болмай иманды бола алмаймыз. Ал кәміл мұсылман болу үшін Абай атамыздың өсиетіне жүгінсек;
Шүкірлік
Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7
Шүкір деген сөз болды тілге оңай,
Әйтеуір бар жүрміз ғой өліп қалмай.
Егесіне әрбір кие ісін біліп,
Рахметіңді іспен білдір жауап солай.
Шүкір дейді арсыз қызын адам санап,
Қазір кез келген жас та кәрі де «Иман келтірдім» деп дәрет киімін дұрыстап, шариғатқа лайық амал қылып намаз оқыса болғаны иманды деп атай бастаймыз. Бірақ аятта; «Оған (Раббысының шындығына) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді?» (34-52) Шындыққа яғни Алла тағаланың бізге әшкере жария қылған хикметтеріне, белгілеріне, қуаттарына т.б. сансыз біз білмейтін себепші нәрселеріне иман келтіру, яғни оның сырын, білімін меңгеруден бас тартпау деп түсінген жөн. Және бұл қуаттардың нәсілдік, тектік, өнер қаракеттік болып адам баласының қолымен байланысты екенін де аятта ашық ескертіп тұр.
«Иман, Ислам, Ихсан» деген дінді зерттеуші ғұламалар. Қандайда бір жаратылыстың қазығы ортасында болуы шартты жағдай. Сондықтан бұл үш қуаттың негізі де тұрағы да Ислам яғни дін насихаты, құлшылығы екені сөзсіз. Ал Ихсан-дегеніміз; патшалық, өсіп-өркендеу болып табылады. Бірақ исламды және «ихсандықты» меңгеру үшін де әуелі иман туралы түсінігіміз болуы да шарт. Қайталау білім анасы дегендей; Иман-дегеніміз; 1.Ақылдылық, 2.Пайымдаулық (ойлана білу), 3. Ізгілікті, 4.Көркіне, жынысына өзі сай ізетті, 5.Сабырлы болуды бес түрлі қасиеттілік сападан тұратынын жадымызға тоқып алғанымыз дұрыс.
Қандайда бір жаратылыстың сырын ұғыну үшін де жаратылыстың негізін, құдайлық болмысты, ақиретік тылсымдық өмірді де түсіне білуіміз керек.Адам атамызды жаратып, атау сөздерді үйретіп, яғни рұқтан білім беріп, атамыздың жаратылыстың барлық қасиетеріне ат беріп шықаны баяндалады. Енді бұл аттардың негізгі тұрақты белгісі-кітабы атау сөздер болған 99-сипатты көркем есімдер болып, Раббымыздың ұлық есімі болып саналды. Енді біздердіңде белгілі бір қасиетің сырын бейнелейтін аттармыздан да осы Раббымыздың есімдеріне жалғанумен белгілі бір есімдік сапаның атау сөздің пайда болатынын білген жөн. Немесе бұрынғы өткен қасиетті ата-бабалармыздың атын меншіктеп, сондай қасиеттілікті меңгеруге де ырым қыламыз. Сондықтан да адам баласы туылғаннан кейін белгілі бір қасиеттермен, жаратылыстық қуаттармен, қозғалыстық нәрселермен байланысты аттарды қоя білу парыз екенін әркім біледі. Енді біздердің аттарымыздың сапасы да артуымен яғни бұл дүниеде меңгерген қасиеттермен, ізгілікті амалдармен байланысты өлгеннен кейін біздің атымызға байланысты қалыптасқан иман жолдасымыздың рұқтық кітаптарға жалғануы арқылы, ақиретте белгілі бір көркем есімдермен жалғанып, өз орнымызды көктен алатынымыз да хақ. Сонымен әрбір адам баласын аты-көркем есімге айналуға соған қарай жаннатан өз сарайын салып, орын тебуге қабілетті болмақ. Адам аты белгілі бір ақпаратық «матрицаны» дененің сыр сипатын, құранның аяттарының жарықтық сапа бейнесін айқындап тұруы шарт. Сонымен әрбір адам баласы шамасына қарай рухани денесін қалыптастарып, құраның белгілі бір қасиеттердің көрнісі жарыққа, иман кітабына айналады. Жер бетінің барлық тіршілігінің қозғалыс қаракеті осындай имандық қуатқа, тағдарлық кітаптарға, ақыл-парасатқа айналғандар яғни жұлдыздар арқылы басқарылып оны «БІЗ» деп атаған құранда. Аятта; «Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? (68) Оны бұлттан сендер жаударасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?(69) Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше шүкір етпейсіңдер ме?(70) Жаққан отарыңды көрдің дер ме?(71) Оның ағашын сендер жаратыңдар ма? Немес Біз жараттық па?»(56-72)
«Адамзатты бір кісіден жараттым жәнен оған тұрақтауға жұбайын жаратып сендерді жер бетіне тараттым» деген аятта Раббымыз. Кісілік-нұр иманның негізі болып, ал иманның тұрағы әйелзатында жанында болып, ал осы имандылық қасиеттен бүкіл адамзаттың таралуы да хақ. Сонымен Адам атамыз бен Хау анамыз Алла тағаланың ескерткен сөзін ұмытып яғни шайтанға сеніп, жаннатан қуылуы да иманның негізі тәубенің алғашқы сынағынан өтуі болса, біздер үшін бұл жағдай тағдырлық жазу болмақ. Екінші рет жер бетінің тіршілік өмірінде, ата-анамыз қайтадан балшықтан жаралғаннан кейін де бұл сынақтың қайталануымен ата-анамыздың бір-бірінен ұзақ уақытқа ажырап, тәубеге келіп қайта бос қосуымен өмірге ұрпақ келуіне байланысты тағы да үшінші рет иманынан ажырағанын ескертеді құран аяттарымен. Сонымен қазақтың даналығындағы; «Ер кезегі үшке дейін» деген тәубелік кезеңнің адам өмірінің үш кезеңнен тұруы да, осындай рухани жаратылыстың негізінен пайда болғаны да сөзсіз. Иманның да үш түрлі жаратылыстық сипаты да аспан денелерімен байланысты еркектерге меңгеруге тән болса, жер анамен байланысты әйелдерге меңгеруге тән имандылық қасиет болып және некемен ұрпақ сүю, өсіп –өну көбеюдің екі аралық ортақ жаратылысқа жалғанумен араптарда «Барзақ әлемі» болып аталса, қазақ сөз ғылымында аруақтар әлемі және тылсым екі аралық ақирет өмірі деп аталады. Сонымен біздердің жаратылысымызда да бұл үш түрлі өмірдің, үш түрлі жиілік қуаттардың өзара араласуы ақыл, өнер, білім, таланттылық, дарындылық болған адамдық қасиеттерді меңгерумен нәтижеленіп, бір тұтастық қуатқа «Мен» -жанға және кісілікке айналуда шартты болмақ.
Қаңтар айы; Көк байрақ толысады. Жеті бөлікке бөлінеді. Аймақтарда сараптау жүйесі басталады.
Ақпан айы; Көктен түсетін, айтпай, сезбей түсетін апаттар болады. Жол ережелерін мұқият қадағалау керек.
Наурыз айы; Әйел кіндіктілерге үлкен өзгеріс басталады. Тылсым құпияларына мән бермегенде қияметтік сынақтардың өріс алуы болмақ.
Сәуір айы; Қазақтың көптеген білімді қауым өкілдерінің рухани оянуы басталып, жетесінің қалыптасуымен арамза діншілермен, надан ғалымдармен арада ашық ақпараттық тұрғыда шайқасу, пікір таласу басталады.
Мамыр айы; Ата жолына, ата дәстүріне қарсы болған ер азаматтарының аяқтан ұсталып, мешеулікке түсуімен түрлі дерттердің жайылуы және ұлағатты сөздің құнын түсіну арта бастайды.
Маусым айы; Теңге-пұл-тиын-қағаз-су-жарық-азық құндылықтарының өзгеруі, ауысуы болады. Халықтың сабырлығы сынаққа түседі.7 түрлі рухани өзгеріс басталып, адам бойынан көрінісін тауып, ата жолында таң қаларлық хикметтер де басталады.
Жаратылыста қандайда бір мейлі жанды, жансыз және оның қасиеттерінің сырын айқындайтын сөз атаулары, аттары болып және жұбы, пары болуы шартты үкім. Тек қана Алланың ерекше біздерге білдірген растығы, барлығы, өзі сияқты сипаттары жалғыз болып саналады. Біздер жоғарыда иман мен сенімнің ортақ 9 санды тәубе және қозғалыстар негізінде тұрақтап 18 ғаламдық сипатпен жалғанатынын ескерттік. Олай болса «тәубе-бас ию» сенім мен иманның біртұтас бірлігін қалыптастыру болып та саналады. Біздер сенімді, неге, кімге қалай сенуімізді біліміміз арқылы анықтап, ақылмен қабылдай аламыз және ақылға жүгінбей-ақ, білім арқылы кез келген сенімділік бағытын таңдай аламыз да.