Адамзат әлемнің қозғалысының, түрленуінің басты себепшісі болып табылады. Жер әлемдегі адамзаттың тіршілігіне байланысты барлық қуаттарды қызметке тұрғызған жаратушымызға сансыз мадақ айтып, ақыл қуатын өсіріп жетілдіру арқылы ғана бақытты өмірдің рахатын көре аламыз. Біздер жеке-жеке тіршілігімізде өзімізді бақытты деп бағалағанмен, егер біз өмір сүрген қоғамның әділетті, әділетсіздік саясатына, өмір сүру салтына, рухани адамгершілік тұрғысындағы көзқарастары мен табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділік, сәйкестігіне қарай  сол қоғамдағы тұрғындардың бақытты, бақытсыздығы мәлім болады.

Қазіргі әлемдік жағдайдағы болып жатқан оқиғалардың және дағдарыстардың себебі де жер бетінің тұрғындарының әлемдік қуаттарға қосқан үлесінің, таза ақпараттың, жан өнімдерінің азайып, керісінше жақсыны алып, жаманды шығаратын тұтынушыға айналып алғандығынан десек қате емес. Және қандайда заманда болсын, ақ пен қараның үнемі өзара соғысы болып, бір тұтастық жүйеге айналуымен ақпараттық жіп болып, соңғы келетін ұрпақтарға жалғанып отырады да. Әлемдік ақпараттық қозғалыстың негізі 72 санды жындар әлемімен қатысты болып және үш түрлі; Ойлау, көру, есту қасиеттерінің ұлттық тілдермен бірлігінен нәсілдік тектің пайда болуымен ерекшеленеді де.

Сонымен қазақ елі бүгінгі таңда егеменді ел аталып, материалдық дүниемен, шаруашылықпен халықтың әл-ауқатын жақсартып мемлекет болып қалыптасуында өзге негізгі аға ұлт болған орыс мемлекетінен де артта қалған жоқ. Керісінше тең дәрежеде және кей салаларда алға ілгерілеп те кете алдық. Әрине мұндай бір жақты пайымдауда дау туғызатын мәселер көп. Мұндай жағдайда бір жақты дүниенің, жақсы тұрмыстың қамымен ғана еліміздің дамуын, өркениетін бағалап, кез-келген елдің салттарын алып еліктеп, халықтың жаны өркендей алмай азғындыққа түспеу үшін де әрбір халықтың рухани даму жолы, ерекшелігі, діндегі жол-жобасын қалыптастыратын азаматтық ғылымы болуы шарт.

Жер әлеміндегі барлық тұрғындардың және тіршілік өмірдің белгілі бір уақыттың жылдамдығына, жер әлемінен түсетін жарық сәулелердің қуат күшіне, жер анамыздан шығатын нұрға және бұл қуаттардың жүйесін адамзаттың қандай мақсатқа пайдалануына, рухани тұрғыдағы өнімдеріне, әлемге қосқан қуаттық үлесіне тәуелді болатынын біздер аңғара алмаймыз. Және белгілі бір кезеңдермен адамзаттың есеп беретінін Раббымыз құранда ашық ескерткен. Осындай есеп мезгілінің әлемнің елдеріне ортақ үкім болып түсіп жатқаны да хақ. Сонымен бірге жаратушы иеміздің рахымы, рахметі де қоса түсіп, осындай әлемдік дағдарыста үлгі болып, рухани тұрғыда жетілген елге айналып, әлемнің де мұндай дағдарыстан шығуына жол көрсететін елді таңдап, оған ерекше хикметті белгілерін түсіргені, ол елдің қазақ елі болып биылғы жыл 3-ші жыл қияметтік сын сағатынан өтіп жатқанымыз да хақ. Алда бұл сынақтың бес жарым жыл анық мерзімі бар.

Біздердің ұғымымыз, түсінігіміз сырттағы бізге беймәлім құбылыстардың ішкі зайыры яғни түр, түстік, қуаттық, қасиеттік, тектік сапаларының белгілері оларда емес, керісінше біздің өзімізде ішімізде болады. Әлем сөзден бастап жаратылған деген астарлы ұғымның мәні де жарықтың зайыры,  үні, қасиеттері нәтижесінде адамзаттың ақыл-ойымен атау сөз болып бейнеледі. Бұл сырды алғашқы меңгерген, жаратылыстың барлық қасиетті белгілерін атау сөзбен белгілеп шыққан Адам атамыз болады. Сонымен иман парасаттылық қуат түрінде барлық жаратылыстың ішкі зайырын бейнелеуші, жоғарғы ұғым, қуат, күш болып Адам атамыздан бастап жаратылды. Бүкіл адамзаттың тарихи оқиғалары мен қаракетті, қасиеттері, тектілігі тазарудан өтіп Раббымыздың нұрымен қосылып иман қуатына айналып отырады.