Қазір әлемдік тұрғыдағы «экстремизм» атты тажалмен күресуге қазақ елі де белсеніп кірісіп кеткені сөзсіз. Және тағы бұл тұрғыда біздің ел билеушілер, зиялы қауымдар тарапынан зерттеу мен  бағдар жасап, алдын-алу әрекеттерін шет елдің тәжірибелерінен заңмен қатты жазалап, үнемі ұйықтамай күндіз-түні бағып отырумен және масһаб атты діннің ең таңдаулы қаруы үгітімен ақпараттық тұрғыда жеңіске жетіп, халықтың санасын ашып, бейбітшілігін қамтасыз етеміз деп ақпаратық орталықтардан дәріптеліп жатқаны да халыққа белгілі жағдай. Сонымен экстремизіммен күрестің бір тәсілі де масһабтың — тура жол, шексіздік және оның басында тұрған бір ғана әулиенің ісіне табыну арқылы, оның «Ахмет» елші болып адамзатты құтқарушы құдайдың өзінен екенін мойындатпақ шара екені де сөзсіз. Және мұндай рухани байлықты таңдай білген ел билеушілердің, зиялы қауымның, дін ғалымдарының халық алдында құрметті аталуға да лайық екенін білдіретін жақында яғни 4-қараша күні Хабар телеарнасынан «Арнайы хабар» деген бағдарлама берілді. Сондықтан да Ата жолының басынан бастап бүгінгі күніне дейін белсенді мүшесі, зерттеушісі ретінде менің де бұл сұқбатқа бұқара халықтың атынан берер бағасын, халықтың назарына ұсынуға қақымның бары да сөзсіз. «Бас кеспек болғанмен тіл кеспек жоқ» дейді қазақта. 

      Қазіргі әлемдегі болып жатқан негізгі қауіптің ошақтары неге ислам әлемінен пайда болып отыр деген сауалға жауапты іздеп көрдіңіз бе? Егер мұның астарына терең үңілсек, мұның бәрі құранда ашық аяттармен сол түскен заманда-ақ осындай бүліктердің құранды теріске алудан пайда болатыны және мұны пайғамбарымыз да; қияметтік сын сағатында 30 түрлі тажалдар пайда болады, деген екен. Жалпы тажал ұғымын қазір дінсіз, намаз оқымайтын білімсіз, надан деп түсіндіреді. Сонымен бірге иман деген киенің барын барлық адамзат мойындауы да хақ. Бірақ сол иманды меңгеруді біздер исламдық бес парызбен шариғаттан ғана пайда болады және намаз оқымағанда иманы болмайды дегенді мойындағандар; діншіл, оразашыл болып, ал мойындамағандар; исламды да, дінді де осындай пәтуалары кемсітулері үшін жек көретіні де, мұндай діннен аулақ жүруді қалауы да сөзсіз.