«Ей жүрегімнің қуаты перзентлерім (ұрпақтарым) Сіздерге адам ұғымының мінездері туралы біраз сөз жазып, ялкар (естелік, өсиет) қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, оның (ол) үшін махаббаттың төлеуі-махаббат. Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның (ақыл, ғылымының) табылмақтығына себептен-әуелі хауас сәлім (іңкәр жүрек, құдаймен сауда) Һәм тән саулық..» (Абай 38-сөз) Адам атамызды жаратушымыз ең әуеліде махаббатпен жаратқан. Сондықтан адамшылық деген ұғымының өзі махаббат болмақ. Алламен арадағы құлшылық байланыста махаббат деген бір қуатты меңгерумен атқарылады, сондықтан жаннатыма жүректің тазалығымен махаббатпен ғана кіресіңдер деген үкім бар. «Маған құлшылық қылыңдар» деген ұғымының махаббатың, адамдықтың жаратылыс егелеріне ақыл, ғылымына табынып қызмет қылу болады.

Қазақ елінің қияметтік сын сағатының, рухани дағдарыстан өтіп жатқанына еліміздегі түрлі табиғат апаттары мен ауа райының мезгілдік жағдайға қарсы ерекешелігімен, халықтың жол апаты, от су апаты, ажалдармен азапталып жатқанына 3-4 жыл бойы алдын ала, жарты жылдық құдайдың хабарын жеткізумен келеміз. Бірақ, бұл ескертулерге ел басшылары тарапынан үнемі қарсылықпен, қалайда құдайдың барлығын, хикметін халықтың түсініп, рухани оянуына қарсылықты онан сайын арттырумен ғана айналысып жатқандары да хақ.